Білім саласы
6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
Дайындық бағыты
6B052 Қоршаған орта
Білім беру бағдарламаларының тобы
B051 Қоршаған орта
БББ мақсаты:
Табиғатты қорғау іс-шараларын ескере отырып, экологиялық менеджментті және өндірістік кәсіпорындарға мониторингті тиімді түрде енгізе алатын, жоғары кәсіби білікті және әлеуметтік ахуалдан хабардар, өнеркәсіптің барлық салаларында сұранысқа ие, нарықтық экономика жағдайларын бағдарлай алатын және халықаралық кеңістікте бәсекеге қабілетті экологтарды дайындау
ОН1 Кәсіби қызметінде экономика, кәсіпкерлік, құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және қаржылық сауаттылық негіздері бойынша білімін қолданады
ОН2 Экожүйелер мен қоғамның тұрақты даму қағидаттарын іске асыру барысында экологиялық білімін және тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету дағдыларын қолданады
ОН3 Қоршаған ортаны қорғау және Қазақстанның табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану саласындағы базалық пәндер бойынша білімі мен түсінігін кәсіби қызметінде қолданады
ОН4 Экологтың кәсіби қызметінде жаратылыстану пәндерінің теориялары мен күрделі тәуелділіктері туралы білімі мен түсінігін қолданады
ON 5 Кәсіби және ғылыми қызметінде зерттеудің ғылыми әдістері мен жасанды интеллект технологияларын меңгерген білімін және дағдыларын қолданады
ОН6 Табиғатты қорғау құжаттамасын дайындау үшін табиғи және өндірістік объектілерге экологиялық мониторингті, менеджментті, сараптаманы және экономикалық бағалауды пайдаланады
ОН7 Өнеркәсіптік қалдықтар мен табиғи ресурстарды басқаруда экологиялық мәселелерді шешуге жүйелі тәсілді қолдану дағдыларын меңгереді
ОН8 Инновациялық табиғатты қорғау және ресурс үнемдеу технологияларын әзірлеу үшін кәсіби білімді қолданады
ОН9 Қоршаған ортаны қорғау технологияларын жасау үшін ресурстарға қажеттілікті, оларды жоспарлауды және ұтымды пайдалануды бағалайды
ОН10 Экожүйелер мен қоғамның тұрақты дамуының практикалық міндеттерін шешуде цифрлық технологияларды қолданады
Өндірістік, басқарушылық, ғылыми-зерттеу, білім беру, экологиялық мониторинг қызметі, табиғи орта мен адам денсаулығының сапасын бақылау.
- ұйымдастырушылық-басқарушылық
- өндірістік-технологиялық
- есептік-жобалық
- сервистік-пайдалану
- ғылыми-зерттеу
- білім беру (педагогикалық)
Аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармалары, ұлттық парктер, қорықтар, биосфералық резерваттар, өнеркәсіптік кәсіпорындар, агроөнеркәсіптік кешендер, полигондар, энергетика объектілері, атом электр станциялары, білім беру ұйымдары, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары.
Оқыту бағытына лицензия нөмірі
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға арналған 2025 жылғы 3 наурыздағы № KZ21LAM00001179 лицензияға №2 қосымша, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 28 ақпандағы №303 бұйрығы